Қазір Астана қаласына таяу жерде орналасқан Ақмол поселкесіндегі қуғын-сүргін құрбандарына арналған аллеяда осы лагерьдің аты жазылған тақтайшадағы «отанын сатқандар» деген сөз тырнақшаға алынған.
«НАНЫН ҚОЯНМЕН БӨЛІСТІ»
«ҚҰРТ – ҚЫМБАТ ТАС»
Гертруд Платайстың бұл әңгімесі «Құрт – қымбат тас» («Курт – драгоценный камень») деген өлеңге арқау болды. Өлеңнің авторы -Раиса Голубева
Құрт – асыл тас
Қазақ атқан тасқа барып жығылдым
Тамағыма өксік келіп тығылды.
Құдайым-ау, тас па мынау немене?
Мұрыныма сүт иісі келе ме?
Үміт оты жарқ етті ғой,
Тас дегенім азық екен
Нәр боп сіңер денеме.
Қарттар неге өшікті деп ойлап едім, таңдана.
(Балаларды айтақтаған шал мен кемпір оңа ма?)
Сөйтсем... сөйтсем, айналайын кең елім,
Ақсақалдар – данышпаным, кемелім,
Сақтау үшін тұтқындардың қу жанын,
Тәуекелге тігіпті ғой өз ұрпағын – сенерін.
Қатыгездер кесіп берген әділетсіз үкімді,
Түсініпті, үлкені де, баласы да – бүкілі.
(Отан сатар шама қайда біздерде,
Сатқындарды мұннан емес, басқа жақтан іздеңдер).
Көк мұзды жастанып ап тере бердім,
Ақкөңілдің қамкөңілге бергендерін,
Жендеттерге сездірмедім бірақ та,
Кете бардым кешке қарай бараққа...
(Ол бір барақ зұлымдардың қорлығының ордасы,
Тас қараңғы, тастай суық, моладай).
«Қазақ деген әз халықты қолдашы,
Әлемдерді жаратушы бір Алла-ай», –
деп сол барақта мұсылманша сыйындым.
«Неміспін мен, христианмын», –
деп ойлаудан тыйылдым.
Өзім үшін ештеңе де сұрамадым,
Қарттар үшін денге саулық,
Аналарға мол-мол бақыт,
Балаларға шалқар шаттық –
осы болды сұрағаным.
Сенім кеткен мен бейбақтан,
Досым да жоқ өмірде.
(Азап біткен — менен қалған азаптар)
Көргендерім түйіліп тұр көңілде:
Тәрбиенің ең ұлысын балаға
Даналықпен бере алады қазақтар.
ПЛИСЕЦКАЯ – АЛЖИР ТҰТҚЫНЫ
КҮЙЕУІ – «ТРАКТОРИСТ»
АЛЖИРДІҢ ҚАЛДЫҚТАРЫ